Tezzy - Подготовка к ЕНТ, ҰБТ
| Revenue % | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| 6 months | 148 | $20.97 – $31.28 | 24.8% | +18.0% | |
| Annual | 148 | $23.36 – $36.46 | 24.8% | +18.0% | |
| Monthly | 148 | $4.55 – $7.57 | 24.8% | +18.0% | |
| Monthly | 148 | $2.73 – $6.20 | 24.8% | +18.0% | |
| Weekly | 148 | $2.68 – $4.53 | 24.8% | +18.0% |
Description
ҰБТ-ға қазақша немесе орысша дайындал: барлық пәннен тест шешіп, әр сұрақты AI-талдау арқылы түсін. Тақырыптарды конспектілер арқылы меңгер: оқы, тыңда немесе видеосын конспектіден көр. Tezzy AI әлсіз тақырыптарыңды тауып, бір апталық жоспар құрады.
Tezzy-мен 100 000-нан астам оқушы дайындалып жүр.
ҰБТ-ның барлық пәні
Міндетті пәндер: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық.
Бейіндік пәндер: математика, физика, химия, биология, география, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, информатика, ағылшын тілі, қазақ және орыс тілі мен әдебиеті.
60 000+ сұрақ, формулалар оқулықтағыдай көрсетіледі. Тестті тоқтатып, кейін сол жерден жалғастыра аласың.
Сынақ ҰБТ
Емтихандағыдай толық тест: 120 сұрақ, 140 балл, 240 минут. 3 міндетті және 2 бейіндік пән — тек ҰБТ-да бар жұптарды таңдайсың. Экранда таймер мен сұрақтар картасы бар.
Әр сұраққа AI-талдау
Тесттен кейін өз жауабыңды дұрыс жауаппен салыстыр. AI-талдау кеңес береді, қажетті формула не ережені және шешудің барлық қадамын көрсетеді — қай жерде қателескеніңді және қай тақырыпты қайталау керегін түсінесің.
Конспектілер: мәтін, аудио және видео
Оқы, тыңда немесе видеосабақты көр — өзіңе ыңғайлысын таңда.
Оқылып жатқан абзац дыбыспен қатар белгіленеді. Жылдамдықты 0,75×–2× аралығында реттеп, 15 секунд алға не артқа жылжыта аласың.
Әр тақырыпта конспект, даталар мен деректер жинақталған Жадынама және өзіңді тексеруге 30-дай сұрақ бар.
Маңыздысын маркермен белгілеп, жазба қалдыр — олар аккаунтыңда сақталады.
Жаңа конспектілер мен пәндер үнемі қосылады, қолданбаны жаңартудың қажеті жоқ.
Интерактивтер
ҰБТ тақырыптары көрнекі түрде: биологиядан 3D-атлас, Қазақстан тарихының тірі картасы, география мен геометрия интерактивтері. Әр интерактив конспектінің өз тақырыбымен және ҰБТ сұрақтарымен байланысты.
Нәтиже және өсу мүмкіндігі
Тест соңында балыңды, уақытыңды және басқа оқушылармен салыстыруды көресің. Пән бетінде әр тақырып бойынша деңгейің, қанша балл қосуға болатыны және қай тақырыптан бастау керегі көрсетіледі. Апталық және айлық статистика ілгерілеуіңді бақылауға көмектеседі.
Формула жаттығуы
Карточкада формула беріледі: оның дұрыс не қате екенін тез анықтап, «Қате» немесе «Дұрыс» деп жауап бер. Бір жаттығуда кемінде 10 карточка, экранда дұрыс жауаптар сериясы мен таймер.
Tezzy AI көмекшісі
Көмекші нәтижелеріңді талдап, әлсіз тақырыптарыңды табады және бір аптаға күндерге бөлінген дайындық жоспарын құрады. Одан «Жағдайым қалай?», «Аптаға жоспар» немесе «Қаншалықты жиі айналысамын?» деп сұрай аласың.
Бір аккаунт барлық жерде
Tezzy iPhone, iPad, Mac және сайтта жұмыс істейді — прогресің ортақ. Интерфейс пен тапсырмалар тілі — қазақша немесе орысша, басты экранда ауыстырылады.
Tezzy Premium жазылымы
Ағымдағы кезең аяқталуына кемінде 24 сағат қалғанда өшірілмесе, жазылым автоматты түрде жаңарады. Жазылымды Apple ID баптауларында басқарып, автожаңартуды өшіре аласың.
Пайдалану шарттары (EULA): https://www.apple.com/legal/internet-services/itunes/dev/stdeula/
Құпиялылық саясаты: https://www.tezzy.kz/privacy-policy
Last collected from the App Store on