Логикалық ойындар мен сұрақтар
GamesWordPuzzleEducation

Логикалық ойындар мен сұрақтар

Daulet Seyilbek · released 15 Mar 2019 · Open in App Store ↗

★ 4.37 268 reviews
Unlock the split between the products, the store ranks, and how both moved.See plans
5 one-time purchases, no subscriptions
Revenue %
One-time purchase174$2.72 – $4.6024.8%+18.0%
One-time purchase174$0.71 – $1.5124.8%+18.0%
One-time purchase174$4.54 – $7.6924.8%+18.0%
One-time purchase174$1.54 – $3.1224.8%+18.0%
One-time purchase174$2.72 – $4.6024.8%+18.0%

The store shows a different set in every country

Description

Логика — бір қосымшада алты логикалық ойын: логикалық сұрақтар, сіріңке басқатырғыштары, көрсеткіштер (жебе басқатырғышы), жылдам математика, 2048 және сандар қатары. Деңгейлер қысқа, ережесі түсінікті, ал тапсырмалары ойландырады. Интернетсіз ойнауға болады.

АЛТЫ ОЙЫН

Логикалық сұрақтар. Жұмбақ немесе сөздің анықтамасы — жауабын тауып, әріптерден сөз құраңыз. Қазақ тілінде 31 000-нан астам сұрақ.

Сіріңке. Сіріңкеден құралған қате теңдік, мысалы «1+2=5». Бір немесе екі сіріңкенің орнын ауыстырып, теңдікті дұрыстаңыз. 5 000 деңгей.

Көрсеткіштер — жебе басқатырғышы. Жебені басыңыз: жолы бос болса, ол алаңнан жылжып шығады. Бүкіл алаңды тазартыңыз.

Жылдам математика. Мысал және төрт жауап, ал уақыт азая береді. Қатарынан қанша мысал шешесіз?

2048. Тақталарды сырғытыңыз, бірдей сандар қосылады. 4×4, 5×5 немесе 6×6 алаңда 2048 жинаңыз.

Сандар қатары. Сандарды ретімен орналастырыңыз. 3×3-тен 6×6-ға дейінгі алаңдар.

ҚАЛАЙ БАСТАЙМЫЗ

Басты бетте — алты ойын және «Соңғы ойналған ойын» картасы.

Әр ойынға алғаш кіргенде қол не істеу керегін көрсетеді.

Көмек 100 ұпай тұрады: сіріңкеде қандай теңдік құрау керегін көрсетеді, көрсеткіштерде жолы бос жебені белгілейді, сұрақтарда әріптерді ашады немесе артығын алып тастайды.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Интернетсіз: барлық деңгей телефоныңызда.

Сіріңке басқатырғыштары: 5 000 деңгей, қиындығы толқынмен өседі.

Көрсеткіштер шексіз, алаң бірте-бірте үлкейеді. Әрекет таусылса, бейнежарнама көріп жалғастыруға болады.

Ұпай деңгей мен жеңіс үшін, бейнежарнама үшін тағы 200, дүкенде ұпай жинақтары.

Екі тіл: қазақша және орысша.

Музыка мен дыбысты өшіруге болады.

Ойын ақысыз, жарнамасы бар. Жарнаманы өшіруді сатып алуға болады.

Логиканы жүктеп алыңыз, алғашқы сіріңкені жылжытыңыз да, қанша басқатырғышты көмексіз шешетініңізді тексеріңіз!

Last collected from the App Store on